Қоғам

Шерзаттың әкесі ең жас күдікті Думан Ысқаққа кешірім берді

17:38, 02 маусым 2025 42

Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталаушылардың қатарында отырған жасөспірім Думан Ысқақты кешіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл жайында бүгін сотта өткен жарыссөзде жәбірленуші тараптың адвокаты Мейіржан Шекеев айтты.

«Қаржаубай Нұрымов өз тарапынан айыпталушы Думан Ысқақты кешіргенін айтты», – деді ол.

Адвокаттың сөзінше, Қаржаубай Нұрымов 11 сыныптың оқушысы мен оның отбасынан моральдық өтемақы да талап етпеген. Ал, бүгін мектеп оқушысы Думан Ысқаққа прокурор 1,5 жыл жаза сұрады. Жасөспірім ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы  «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз