Қоғам

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталғандардың туысы жауапқа тартылды

10:22, 06 маусым 2025 204

Талдықорғанда «Шерзат Полат ісі» бойынша сот үкімі жарияланған күні шу шығарып, балағат сөздер айтқан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот шешімі жарияланғаннан кейін, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысқан.

Олардың бірі – әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті.

Полиция департаменті құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейтінін ескертеді. Сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіру, сотқа құрметсіздік таныту немесе жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылатын болады, – деп ескертті ведомстводан.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз