Алматы облыстық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қаралған істің апелляциялық соты аяқталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
5 маусымда шыққан алғашқы үкімге сәйкес, қылмысқа қатысы бар деп танылған 9 адамға түрлі мерзімдегі жаза кесілген болатын.
Абзал Шынасыл — 23 жыл,
Равиль Сакиев — 20 жыл,
Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл,
Нұрқияс Ілиясов — 9 жыл,
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жыл,
Думан Ысқақ — 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Думан Ысқақ жазасын өтеп, шілде айында бостандыққа шыққан.
Апелляциялық алқаның шешімі бойынша қалған сегіз сотталушының шағымы қанағаттандырылмай, алғашқы үкім өзгеріссіз қалдырылды. Сот отырысына сотталғандар қатысқан жоқ.