Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзге шығып, айыптаушы тараптың ұстанымын жария етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Прокурор басты күдікті Абзал Шынасылдың ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танылып, оған 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.
Прокурор Дана Сәрсенбай басқа сотталушыларға қатысты нақты жазалау шараларын талап етті:
- Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру;
- Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дархан Қалихамет, Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айыру;
- Нұрқияс Ілиясов – негізгі жаза 7 жыл, бұрынғы өтелмеген жаза мерзімімен жалпы 9 жылға бас бостандығынан айыру;
- Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 290-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі, 7 жыл жаза, басқа істермен біріктіріліп 15 жылға дейін;
- Равиль Сәкиев – ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі, негізгі жаза 15 жыл, бұрынғы жазалармен жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру.