Қоғам

Шерзат ісі: мәйітке сараптама жүргізген маман жасөспірімге келтірілген жарақаттарды атады

15:58, 23 мамыр 2025 170

Бүгін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан көз жұмған Шерзат Полаттың ісіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Талдықорғандағы сот отырысына қайтыс болған жасөспірімнің мәйітіне сараптама жасаған маман шақырылды. Прокурор одан марқұмның денесіне келтірілген жарақаттарды атап көрсетуді сұрады.

Бесінші, алтыншы қабырғалардың арасында, қолтықасты сызық пен артқы қолтықасты сызықтың тұсына еніп, шаншу арқылы кесілген жарақат алған. Мен зерттеу жүргізген кезде сол жақ кеуде қуысына еніп, шаншыла кесілген жарақат анықталды. Сол өкпенің жоғарғы бөлігіне өтіп кеткен. Жара арнасының бағыты алдыдан артқа, солдан оңға қарай болған, – деді Мұхит Көшеров.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз