Қоғам

Шерзат ісі: Адвокат марқұмның анасының сөзінде қайшылық барын айтты

12:00, 22 мамыр 2025 145

Бүгін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сот барысында заттар айғақтар қаралып, іс материалдары зерделенді.

Прокурор тергеу кезінде жүргізілген беттестіру хаттамасын жариялап, қайтыс болған жасөспірімнің анасы Гүлбара Бишімбиева мен айыпталушы Дидар Қалиахметтің арасында өткен беттестіру хаттамасы оқылды.

Оқиға болған күні Дидар Қалиахметті көрдім, аты-жөнін қазір ғана білдім. Бұрын арада араздық болмаған. Мені екі бала ұстап тұрған кезде олар Шерзат пен Нұрқатанатты тепкіледі. Ұрып жатқанын нақты көрдім, – делінген Гүлбара Бишімбиева жауабында.

Сот барысында айыпталушы тарап қорғаушысы әйелдің тергеу кезінде берген жауабы мен сотта айтқан мәлімдемесі сәйкес емес екенін алға тартып, оны келесі сот отырысына шақыруды сұрады.

Судья өтінішті қанағаттандырып, жәбірленушіні сотқа шақыруды мемлекеттік айыптаушыларға тапсырды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз