Қоғам

Шерзат ісі: 20 жылға сотталған Сакиевтің анасы журналистерден кешірім сұрады (ВИДЕО)

22:31, 18 тамыз 2025 36

5 маусым күні сот Равиль Сакиевті бұзақылық және кісі өлтіруге оқталу бабымен 20 жылға бас бостандығынан айырған соң, оның анасы Баян Сарманова эмоцияға беріліп, айғай-шу шығарған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол сәтте оқиғаны түсіріп жүрген журналистер де әйелдің ашу-ызасының астында қалды. Кейін ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл арқалады.

"Сот үкімі  шыққан күні эмоцияға беріліп, бейәдеп сөз айтқаным үшін алдымен, өздеріңізден, журналистерден шын көңіліммен кешірім сұраймын. Бүгін баламның "Қасақана кісі өлтіру" емес, "бұзақылық жасау" бабы бойынша айыпталуы үшін апелляциялық шағым түсіруге келдім. Себебі, менің баламның оқиға орнына барғаны рас, бірақ білмей барған. Ал видеода пышақ кімнің қолында болғаны анық көрініп тұр, Прокуратура да соны айтты, бірақ өз сөздеріне қарсы шықты", - дейді ол.

Бүгін апелляциялық сотта Сарманова журналистерден кешірім сұрап, олардың өз жұмысы үшін ғана сол жерде болғанын мойындады. Дегенмен ол әлі де ұлының жазықсыз екенін айтып, Сакиевтің қылмысы тек хулигандықпен шектелетінін алға тартты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз