Әлем

Шавкат Мирзеёв өз қызын президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады

10:49, 24 маусым 2025 51

Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Айта кетсек, 2023 жылдың тамызынан бастап Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарып келді. Ал 2022 жылдың қарашасынан бастап ол Президент Әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі болды.

Саида Мирзиеева – Өзбекстандағы әлемдік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университеті, сондай-ақ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.

Шавкат Мирзиёев былтыр тамызда Өзбекстан Президенті әкімшілігінің құрылымына реформа жасады. Кейін Президент әкімшілігінің басшысы лауазымы жойылған болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз