Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның «Қазақстанда көп әйел алуды заңдастыру керек» деген мәлімдемесінен кейін Сенат өкілдері өз ұстанымдарын білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Сенатор Жанна Асанова бұл мәселеге қатысты Конституцияда неке институты нақты көрсетілгенін айтты.
«Барлығы заңда айқын жазылған. Қалғанының бәрі — жекелеген адамдардың пікірі. Мен некедегі зайырлы қағидатты ұстанамын», — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін депутат Абзал Құспан көп әйел алушылыққа ресми тыйым болғанымен, оның қоғамда бар екенін айтып, заңдастыру әйелдердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын.