Қоғам

«Сен кішкентай қорқақ баласың»: Димаш Құдайберген Олжас Байділдиновті орнына қойды

14:34, 15 қазан 2025 3144

Әлемге әйгілі отандасымыз Димаш Құдайберген «Жолақыны көтеру керек» деген Олжас Байділдиновке қатысты зілді жазба қалдырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Біз, қазақтар әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ сыйластық алдымен өзіңнен басталуы керек. Ал өзгені мақтау үшін өз тілінен ұялатындар сөзінен емес, тамырынан айырылады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмысынан қуатын шығар деп сенемін. Себебі сен кішкентай қорқақ баласың. Қазақ тілінде әдейі жазбадым, өйткені сен қазақша түсінбейсің», – деп жазды ол.

Айта кетейік, әншінің мұндай жазба жариялауына Олжас Байділдиновтің бұған дейінгі пікірі түрткі болды. Ол бір сұхбатында Қазақстанның оңтүстігінен әрі қарай орналасқан елдердің жастары орыс тілін білмейтінін айтып, Ресейге келетін мигранттардың “сапасы төмендеп бара жатқанын” мәлімдеген еді.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз