SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, биыл 25 ақпанында «Өскемен– Астана» рейсі ұзақ уақытқа кешіккен. Күндіз ұшуға тиіс болған рейс сегіз сағаттан артық кешіккеніне қарамастан, әуе компания жолаушыларды қонақ үйге уақтылы орналастырмаған. Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшу уақытын күтуге мәжбүр болды.
Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқығының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды: ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.