Араға 8 ай уақыт салып Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды, - делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүлде қоры төмендегідей:
1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
6-орын — 5 000 АҚШ доллары.
Министрліктің мәліметінше, ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.