Air Astana ұшақ фюзеляжындағы жарықшақ туралы жариялымға түсінктеме берді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Құрылманың сындарлы емес жерінде, атап айтқанда жүк бөлігінің қаптамасының жеңіл панелі бекітілген жерінде ұзындығы 25 милиметр шамалы сызат табылған. Бұл ұсақ ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді және ұшақты пайдалану барысында пайда болуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, қазір ақау жойылып, ұшақ қолданысқа қайтарылған.
Біз заңды жауапкершілікке тартпас үшін жалған ақпаратты жарияламауға кеңес береміз, – деп қосты әуе компаниясы өкілдері.
Айта кетсек, 18 сәуірде прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақтың фюзеляжының артқы жүк бөлігінің маңынан ені шамамен 25 сантиметр болатын жарықшақ анықталған. Осыған байланысты ұшақтың пайдаланылуы уақытша тоқтатылған болатын.