$ 481.83
 556.8
 5.85

Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Редактор
27.03.2026, 14:00
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Сотта ол өз кінәсін мойындамады.

Екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп айыпталған аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қылмыстық іс Жамбыл облысында қаралды. Жол апаты 27 шілдеде "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған еді.

"Ол шаршаған күйде жол ережесін бұзып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, содан кейін оның көлігі аударылған", - делінген сот материалында.

Салдарынан сотталушының досы мен әпкесі қайтыс болды, өзі ауруханаға жатқызылды. Сотта ол өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды.

2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болғандықтан, жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.