Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтің жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол өз жазбасында отбасындағы ауыр жағдайды меңзеп, балаларға қатысты күйінішін жеткізді. Айтуынша, бір кездері қамқор әке болған жанның аяқ астынан өзгеріп, өз балаларынан бас тартуы оған ауыр тиген.
"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы, мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", – деп жазды ол.