Қоғам

Сәтбаевта бойжеткенді зорламақ болған ер адам ұсталды

10:09, 23 мамыр 2025 59

Сәтбаевта бойжеткенді зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес қаладағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адам бойжеткенге шабуыл жасап, оны баспалдақпен сүйреп, жерге құлатқан. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қыздың айғайынан кейін, көршілер сыртқа шыққан. Сол кезде қаскөй оқиға орнынан қашып кеткен.

Ұлытау облыстық полиция департаменті бұл жайт бойынша зорлау бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті оқиға болғаннан кейін көп ұзамай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз