Спорт

Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды

17:16, 14 қыркүйек 2025 29

боксшы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалдық жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) қолғап түйістірді.

Отандасымыз жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдық көрсеткен отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсіріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз