$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

«Самұрық-Қазына» мен Sport Qory қолдауымен үстел теннисінен Президент кубогі өтті

Редактор
20.09.2026, 15:04
Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі
Астанада Президент кубогі өтті

Астанада Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырған үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогі өтті. Халықаралық жарысқа 14 елден 300-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

25–29 қазан аралығында Beeline Arena спорт кешенінде өткен турнирге Қазақстанмен қатар Оңтүстік Корея, Қытай, Мажарстан, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және басқа елдердің спортшылары қатысты. Жарысты Nomad Table Tennis Academy Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Үстел теннисі федерациясының қолдауымен ұйымдастырды.

Спортшылар 11 жасқа дейінгі, 16 жасқа дейінгі және 17 жастан жоғары санаттарда, сондай-ақ командалық есепте сынға түсті. Жас теннисшілер үшін бұл дода халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Турнирдің ашылу салтанатына Премьер-министр Олжас Бектенов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Рауль Калин және Nomad Table Tennis Academy негізін қалаушы Медеу Нұрасыл қатысты.

Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты – Қазақстанда үстел теннисін кеңінен насихаттау, жас спортшыларды қолдау және халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту. Президент кубогі отандық теннисшілердің шетелдік қарсыластармен кездесіп, жарыс тәжірибесін арттыруына жол ашқан маңызды спорттық іс-шаралардың біріне айналды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау