9 тамыз Ақтөбе облысында тойда болған төбелес кезінде 26 жастағы азаматты пышақтап кеткен, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Пышақ жарақатын алған адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Қайғылы оқиға Шалқар ауданында болған.
Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"2000 жылы туған пациент шабынан пышақ жарақатын алып жеткізілді. Ол ауруханаға сағат 05:51-де түсті. Медицина қызметкерлері дереу реанимациялық іс-шараларды бастады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сағат 06:21-де биологиялық өлім фактісі тіркелді", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қозғалған қылмыстық іс Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.
Айта кетейік, оқиға туралы жазбалар әлеуметтік желіде жылдам тарап жатыр. Ондағы мәтінде жәбірленушінің Жақсылық есімді азамат екені және оның оң саусағынан өнер тамған шебер болғаны туралы айтылған.