$ 465.19
 536.55
 5.61

Руслан Өтепбай марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алды

Редактор
13.08.2026, 11:03
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Сұхбатты алдағы 1-2 күн ішінде YouTube арнасына жарияланады

Журналист Руслан Өтепбай Астанаға барып, марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алғанын хабарлады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды.

«Астанаға барып марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алып қайттым. Біз білмейтін шындық пен сұмдық өте көп екен», – деп жазды журналист.

Оның айтуынша, Әділет есімді азамат та сұхбат беруге уәде еткен. Алайда журналистің сөзінше, ол уәдесінде тұрмаған.

«Ал Әділет сұхбат беремін деп еді, уәдесінде тұрмады», – деді Руслан Өтепбай.

Журналист сұхбатты алдағы 1-2 күн ішінде YouTube арнасына жариялайтынын мәлімдеді.