Аймақ

Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды

10:41, 14 шілде 2025 94

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Енді ол Халықаралық дзюдо федерациясының жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады.

Бұл туралы Руслан Желдібай өз парақшасында мәлімдеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалдым. Бұл - қосымша қоғамдық қызмет. Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз. Дзюдодан елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын, - деп жазды Руслан Желдібай.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз