Спорт

Париж Олимпиадасында атой салған өзбек боксшыларынан допинг табылып жатыр

12:56, 30 шілде 2025 169

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажоновтың допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылғанын хабарлады, деп жазды bairaqmedia.kz.

1bol мәліметінше, ITA 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс уақытта алынған допинг сынамасы нәтижесінде Муллажоновтың ағзасынан метастерон метаболиттері анықталған. Бұл зат Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тізіміндегі S1.1 бөлімінде көрсетілген анаболикалық андрогендік стероид, яғни кез келген уақытта (жарыс кезінде де, одан тыс та) қолдануға қатаң тыйым салынған.
Метастерон – бұлшық еттің тез өсуіне, күш пен төзімділіктің артуына ықпал ететін синтетикалық стероид.

Спортшыға бұл жағдай жөнінде ресми түрде хабарланды және ол B сынамасын талдауды сұратуға құқылы. Егер B сынамасы да A сынамасындағыдай нәтиже берсе, бұл жағдай допинг ережелерінің бұзылуы ретінде есептеледі. Ал егер спортшы B сынамасын талдаудан бас тартса, онда бұл да автоматты түрде ереже бұзушылық ретінде қарастырылады. Муллажоновқа бұл іске қатысты өз түсініктемесін беруге мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, Лазизбек Муллажонов – 2024 жылғы Олимпиаданың чемпионы. Алғашқы ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы Қазақстан боксшылары үшін нағыз қорқыныш көзіне айналған еді. 2022 жылы Азия чемпионатының финалында ол Қамшыбек Қоңқабаевты, ал 2023 жылдың тамызында Нұрсұлтан Аманжоловты бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз