Жол апатына түскен Шавкат Рахмоновтың әйелі бірнеше жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Бағдат Амандосұлы мәлімдеді, деп жазады v_centre_sobytii ТикТок парақшасы.
"Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол жол ережесін бұзып, екі адамның өліміне әкелген жол апатына жауапты. Күдіктінің кішкентай балалардың анасы екендігі жазаны жеңілдетуі мүмкін. Алайда бұл да жаза қолданудан босатпайды. Қаза тапқандардың отбасы берген кешірім де оны заң алдындағы жауапкершіліктен арашалап алып қала алмайды", - деді ол sport24.kz-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың әйелі Жамбыл облысының маңында рөлге ие бола алмай жол апатына түскен еді. Нәтижесінде көліктегі қос құрбысы қаза тапты. Өзі және үш жастағы ұлы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.