Қоғам

«Әйел екі баласымен терезден секіріп кетті»: Павлодарда жантүршігерлік оқиға болды

14:27, 30 шілде 2025 277

Павлодарда әйел 5-ші қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бүгін сағат 13:00 шамасында өтіп бара жатқан куәгерден шұғыл қоңырау түскен. Хабарламада Нұрмағамбетова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткені айтылған.

Оқиға орнына небәрі 6 минут ішінде үш жедел жәрдем бригадасы жетті.

Қазіргі кезде екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Әйел қалалық №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға байланысты аймақтық полиция департаментінің ресми түсіндірмесі күтілуде.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз