$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48

Атырауда буллингке ұшыраған оқушы мектепке пышақ алып келген

Редактор
22.10.2026, 15:52
"Ақ жайық"
"Ақ жайық"
Басқа оқушылар болған жағдайды мұғалімге жеткізген

Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал шықты. Оқиға 21 қазанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылардың бірі мектепке пышақ алып келіп, өзін ренжіткен сыныптастарына қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, бала сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Осыдан кейін ол өзіне тиісіп жүрген балаларға қарсы шығуға бел буып, мектепке пышақ әкелген. Оқушы қаруды көрсетіп, сыныптастарынан кек алғысы келетінін аңғартқан.

Басқа оқушылар болған жағдайды мұғалімге жеткізген. Педагог полиция қызметкерлері мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырған. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болғанын және олардың бірінен пышақ табылғанын растады. Сонымен қатар полиция оқиға кезінде пышақ қолданылған деген қауесетті жоққа шығарды.