Ресейдің «Факел» клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Санжар Сатановқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz AmanVIBE-ге сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, РПЛ клубы 24 жастағы футболшыны бақылауына алған.
Осы маусымда «Факел» чемпионаттағы алғашқы ойындарының барлығында жеңіліп, қорғаныста елеулі мәселелерге тап болып отыр. Ал «Атырау» клубының қорғаушысы мансабындағы ең сәтті маусымын өткізіп жатыр. Ол ҚПЛ аясында 19 матчқа қатысқан. Сонымен қатар Санжар Армения және Венгрия құрамаларына қарсы матчтарға қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.