Қоғам

Ресейде қазақстандықтарды 32 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

12:19, 02 ақпан 2025 1

Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында қазақстандықтарды 32 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 28 жастағы қазақстандық өткен жылдың сәуір-қазаны аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан сату сылтауымен қымбат смартфондарды алып, кейін ізін суытқан. Осылайша ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың доллар болды.

Айта кетсек, 2025 жылдың басынан бастап, Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Біздің еліміздің аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз