Экономика

Ресей қазақстандық өнімдерге салынған тыйымды толығымен жойды

16:00, 11 ақпан 2025 46

Ресей Қазақстаннан бидай, қызанақ және бұрыш тасымалына қойылған шектеулерді толығымен жойды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Тек күнбағыс өнімдеріне қатысты шектеу  өз күшінде қалып отыр. Айтуынша, жақын күндері бұл мәселе де шешімін табады. 

"Бұл мәселе бойынша Мәскеуге арнайы бардым, ауыл шаруашылығы министрімен, "Россельхознадзор" басшысымен кездестік. Дәнді, бұршақты, майлы дақылдар бойынша мәселелер өз шешімін тапты. Вагондар қазір бұрынғыдай қаңтарылып тұрмайды. Біз мұны едел-жедел шештік, экспортты жөнелтуге кірісеміз. Қазір шешімі табылмаған жалғыз нәрсе бар, бұл гүлдерге қатысты. Бірақ бұл мәселені де шешеміз, ары кеткенде 10 күнде", - деді Сапаров Үкімет отырысында.

2024 жылдың қазан айында Ресей Қазақстаннан бидай, жасымық, қызанақ, бұрыш, қауын және күнбағыс тұқымын әкелуге уақытша шектеулер енгізді. "Россельхознадзор" мұның себебін өнімдерде карантинге жатқызылған объектілердің табылуы деп түсіндерген еді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз