$ 464.86
 544.03
 6.14

Ресей қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеруге атсалыспақ

Редактор
25.01.2025, 18:13
Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі
Отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Ресей отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Энергетика вице-министрлері Сұңғат Есімханов пен Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Роман Маршавинмен кездесіп, отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына ресейлік тараптың қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде мұнайды, мұнай және мұнай-химия өнімдерін жеткізу, сондай-ақ осы энергетикалық ресурстардың тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар осы салаларды одан әрі дамыту және екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті нығайту ниеттерін білдірді.