Референдум: Дауыс беру құқы бар азаматтардың 70,98 пайыз таңдау жасады

Редактор
15.03.2026, 18:49
Фото: Орталық сайлау комиссиясы
Фото: Орталық сайлау комиссиясы
Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлім етті.

Республикалық референдум барысында 8 845 280 азамат дауыс берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 73,84%. 
2. Ақмола облысы бойынша – 77,72%.
3. Ақтөбе облысы бойынша – 83,12%.
4. Алматы облысы бойынша – 70,27%.
5. Атырау облысы бойынша – 71,08%.
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,90%.
7. Жамбыл облысы бойынша – 81,07%.
8. Жетісу облысы бойынша – 73,84%.
9. Қарағанды облысы бойынша – 81,44%
10. Қостанай облысы бойынша – 80,11%.
11. Қызылорда облысы бойынша – 91,80%.
12. Маңғыстау облысы бойынша – 76,84%.
13. Павлодар облысы бойынша – 71,85%.
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 68,58%.
15. Түркістан облысы бойынша – 82,03%.
16. Ұлытау облысы бойынша – 70,57%.
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 83,63%.
18. Астана қаласы бойынша – 56,7,%.
19. Алматы қаласы бойынша – 32,82%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 74,44%.

Жалпы, сағат 18-00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрады, - деді Шавхат Өтемісов.