Спорт

Реал Мадрид, Арсенал: «Қайраттың» қарсыластары белгілі болды

09:36, 29 тамыз 2025 46

Алматылық "Қайрат" клубының Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Монакода УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды.

"Қайрат" "Реал", "Интер", "Арсенал", "Брюгге", "Спортинг", "Олимпиакос", "Пафос" және "Копенгаген" командаларымен кездеседі.

Чемпиондар лигасында "Қайрат" сегіз ойын ойнайды. Оның төртеуі өз елінде болса, төртеуі "қонақта".

Алматыда "Қайрат" мадридтік "Реалды", бельгиялық "Брюггені", гректердің "Олимпиакосын" және кипрлік "Пафос" клубтарын қабылдайды. 

Сыртта команда Миланның "Интер", Лондонның "Арсенал", Португалияның "Спортинг" және Данияның "Копенгаген" командаларымен кездеседі.

Ойындар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді. Нақты күнтізбе алдағы уақытта белгілі болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз