Спорт

«Реал» Алматыға жұлдызды құрамымен келе жатыр

18:11, 28 қыркүйек 2025 128

Реал» Мадрид клубы Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы сырт алаңда өтетін ойынына қатысатын футболшылардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;

Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Корольдік клуб футболшылары 28 қыркүйек күні кешке Алматыға жетеді. Команда Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да (Астана уақытымен 16:30) ұшып шығады. Ұшу уақыты шамамен 8 сағат 20 минут, ал Алматы әуежайына қонуы 00:50-ге жоспарланған.

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз