Белгілі кино және театр актрисасы Гүлжамал Қазақбаева шетелде тұратын қызымен 13 жылдан соң табысты, деп жазады bairaqmedia.kz.
Актрисаның айтуынша, қызына шетелдік азаматқа тұрмысқа шыруға бір жыл рұқсат бермеген. Бірақ кейін барлық ағайын-туыстың басын қосып,«қыздың бағын байламайық» деп, рұқсат еткен.
Қызын сағынған ол «сағыныш деген жақсы да, қиын да сезім. Оны сезінбеген адамның өмірін толыққанды деп айту қиын. Сағыныш деген ол керек сезім», дейді.
Актриса қызымен дәл студияда табысып, көз жасына ерік берді.
Ал оқырман актрисаның қызын тасжүрек деп сынап жатыр.
«Он үш жыл бойы неге қызы анасын түсінбеген», «Неткен тасжүрек адам, анасын 13 жыл көруге қызықпаған», «Он үш жыл көзі тірі анасына бір келмеу деген қалай ол», «Қызы сонда бағдарлама шақырмаса, жүре бере ме, еш сағынбай», деп жазды олар.