Әнші Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренішін жеткізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Белгілі тележүргізуші жуырда өзінің YouTube арнасында пластикалық хирургтарды қонақ етіп шақырып, отандық өнер жұлдыздарының қандай отаға жүгінгені жайлы сұхбат жүргізген. Әңгіме барысында дәрігерлер Ерке Есмаханның да есімін атаған.
Мамандардың айтуынша, әнші бетінің жаны мен көзіне пластикалық ота жасатқан болуы мүмкін. Сондай-ақ мұндай қызметті Қазақстанда емес, Кореяда жасатқан деген болжам айтылды.
Бұл жайт өнер иесінің көңіліне тимей қоймаған. Ол Instagram желісіндегі сторисінде Ләйлә Сұлтанқызына тікелей жазып, мұндай әрекетті күтпегенін ашық жеткізді.
«Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұқбаттастарыңыздың айтып отырған қорқынышты нәрселерінің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас, сырлас әпкем ретінде өтірікке жол бермеудің орнына өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды.
Мен артымнан айтылатын әңгімелерге мән бермеймін негізі. Өйткені, өзімнің қандай екенімді өзім ғана білемін! Бірақ, өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін. Жарайды, аман болыңыз!», - деп жазды ол.