Қоғам

Аида Балаева мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

15:12, 04 қыркүйек 2025 50

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс. Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын, - деді министр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз