Қоғам

Күмәнді қорларға қаржы аударамын деп, террористік ұйымдарды қаржыландыруыңыз мүмкін

11:25, 04 қыркүйек 2025 11

Кейінгі жылдары терроризмді қаржыландыру мен радикалды топтарды материалдық тұрғыда қолдауға қарсы заң талаптарының күшеюіне байланысты теріс діни ағым өкілдері елді алдап-арбаудың түрлі айласына барып, жұрттың қалтасын қағудың жаңа тәселідерін меңгеріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша түсірілген бейнероликте айтылады, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Олар шет елде діни білім алып жатқан шәкірттерге береміз, Таяу Шығыстағы жағдайы мүшкіл әйелдер мен балаларды қолдаймыз, босқын балаларға жәрдем қыламыз деген жалған желеумен ізгі ниетті жұрттан ақша жинауға көшкен. Қайырымдылық десе ішкен азын жерге қоятын елі ішіндегі атымтай жомарттар сауаптан құр қалалмайын деп, өзі түр-түсін білмейтін күмәнді қорларға қаражатын санат беруде. Өкінішке қарай, бұл қаражат діттеген жеріне жетіп жатқан жоқ. Олар шетелдегі радикалды террористік ұйымдарды, сондай-ақ деструктивті топты ашқан заңсыз марказдарды қаржыландыруға жұмсалып жатыр. Еліміздің заңнамасында терроризмді қаржыландыру арнайы қылмыс ретінде бағаланады. 2023 жылы Түркістан облысында осы бап бойынша бір іс қозғалып, радикалды топтарға ақша аударған азамат сотталған болатын. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары бұл бағыттағы заңсыз әрекеттерді мұқият тергеп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде, - делінген видеода.

Мамандар қайырымдылық жасағанда ресми қорлармен заңды ұйымдарға ғана сенім арту керек екенін ескертеді. Себебі, қайырымдылық атын жамылған радикалдарға ақша жіберіп қылмыскер атанып шыға келуіңіз әбден мүмкін. «Сақтансаң, сақтармын» деген ұстаным дәл осы жерде керек-ақ дейді діни қызметкерлер. 

 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз