ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Orda" телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге сала кетейік», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін желіде СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу мен Гаджи Гаджиев ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.