«Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы» төрағасының орынбасары Тұрсын Жағыпарова бүгінде халық тұтынып жүрген азық-түліктің сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Соның бірі - тауық еті. Әсіресе импортталып, яғни сырттан келетін өнімдерге күмән көп.
Тәжірибелі маманның айтуынша, тауық балапандарына тез өсу үшін гормоналдық дәрілер береді. Кейін, ол етпен бірге ағзаға кіреді. Балалардың физиологиялық дамуына кері әсер етеді.
Мысалы, қыз балалар уақытынан бұрын тез өседі. Ал ұл балаларға тауықтарға салынатын «женские гормоны» басқаша әсер етуі мүмкін, дейді сарапшы.
Қыз сияқты өседі, кеуде пайда болады. Ары қарай айтуға ауыз бармайды.
Сарапшының ұсынысы, үйде өсірілген тауық етінен басқа тауық еттерін жемеу керек.