Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдай бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Смадияровтың айтуынша, бұл іспен ары қарай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айналысады.
Біз өз тарапымыздан қажеттінің бәрін жасадық. Ендігі ақпарат алмасу – Бас прокуратура желісі бойынша жүреді, – деді ол.
Сондай-ақ журналистер Қазақстан елшілігінің өкілдері Ақжарқын Тұрлыбаймен кездескен-кездеспегенін нақтылап сұрады.
Бұл – біздің консулдың жыл сайынғы қалыпты міндеті: шетелде түрмеде отырған азаматтарымызды барып көру. Сондықтан бұл жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп түсіндірді ол.