Әлем

Қырғызстанда діни қызметкер алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

10:51, 27 мамыр 2025 45

Қырғызстанда Ош қаласының имамы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Мүфтияттың аумақтық бөлімшесінің басшысы Мирланбек Тоқтомушев «алаяқтық жасады» деген күдікке ілінген. Тоқтомушев пен Ош қаласындағы басқа да діни қызметкерлер мешіттер мен медресе қызметкерлерінен жүйелі түрде заңсыз ақша алып отырған көрінеді.

Сот санкциясымен қазыяттың төрт қызметкері мен Мирланбек Тоқтомушевтің үйі мен жұмыс орнына тінту жүргізілді. Тінту қорытындысы бойынша заңсыз ақша жиналғаны расталған. 

Кейін Ош қалалық сотының шешімімен Тоқтомушев үйқамаққа алынған. Мирланбек Тоқтомушев Ош қаласының қазысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. 

Қазір «қызметтік жағдайды пайдалана отырып, елеулі мөлшерде жасалған алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз