Қоғам

Құлсары тұрғыны әйелін бауыздап өлтірді

15:35, 28 наурыз 2025 117

Жантүршігерлік оқиға аудандық емхана ғимаратында орын алған. Күдікті марқұмның жұмыс кабинетіне баса-көктеп кіріп, бей-жай отырған жерінде кеңірдегін орып жіберіпті. Қолын қанға малған қаскөй сол бойы ізін суытып үлгерген. Ал, қан-жоса болған келіншекті емхана қызметкерлері ажалдан арашалап қала алмаған. Ол осы медициналық мекемеде заңгер болып жұмыс істейді екен. Отыз жастағы марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы жетім қалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні көп ұзамай қамауға алған.

Айбек Шапихов, Атырау облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы

-Жылыой ауданы Құлсары қаласында орын алған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз