Erbol Seilkhan ютуб арнасының кезекті қонағы - халықаралық сарапшы, қытайтанушы Айболат Дәлелхан.
Айболат Дәлелханмен сұхбатта Қытайдың қазіргі қоғамы, саясаты, экономикасы және ішкі мәселелері талқыланды. Қытай халқының менталитеті, жастарының жаңа көзқарасы, елдің қарқынды дамуының бәсеңдеуіне негіз болған факторларды талдайды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы, нарық мүмкіндіктері, алпауыт көршіміздегі демографиялық дағдарыс пен әлеуметтік өзгерістердің бізге ықпалы сөз болды. Қысқасы, іргеміздегі алпауыт елдің мүмкіндігін Қазақстан тиімді пайдаланып отыр ма?
Сұхбат Қытай туралы қалыптасқан мифтер мен шындықты ажыратады.
Көріңіз. Пікір білдіріңіз!