Қостанай облысында қайтарылған активтерге 279 шақырым су құбыры салынады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қостанай облысында прокуратура қайтарған активтер есебінен 2025 жылдың соңына дейін Арқалық, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қостанай және Федоров аудандарының 9 елді мекенінде сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 279 шақырым су құбыры пайдалануға беріледі, бұл 55 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Жітіқара ауданында емхана ғимараты қайта жаңартылады, бұл халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылыс барысы мен қаражаттың жұмсалуы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.