Ақмола облысы Қосшы қаласында мұғалімдер мектепте бір-бірімен төбелескен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz 7-арнаға сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, тарих және математика пәні мұғалімдері арасында болған төбелеске қатысты қылмысты іс қозғалған.
Биыл 1 сәуірде болған төбелес кезінде мұғалімдердің бірінің жағы сынған. Жағдайдан мектеп директорына дейін хабардар болғанмен, не жедел-жәрдем, не полиция шақырылмаған.
Мен осылай амандаспақ болдым. Қолым бетіне тиіп кеткен соң, қолымды қағып жіберді. Ол мені спорзал жаққа шақырды. Ол жаққа кіргеннен кейін бетімнен ұрып жіберді. Бір мұғалім мені ұстаптырды, ал ол мені насоспен ұрды, – деді Бекарыс Жақсыбаев.
Бұдан кейін таяқ жеген мұғалім қалалық ауруханаға барған, ол жерде дәрігерлер оны Астанаға жіберген. Жақсүйегі сынған мұғалімге операция жасалып, бір ай ауруханада жатуға мәжбүр болған.
Ал жұдырық ала жүгірген ұстаз, керісінше, «мен таяқ жедім, кәсіби беделімен нұқсан келтірілді» деп отыр.
Мені ұрып-соғып жатқан жерден дене шынықтыру мұғалімі бізді ажыратып, екі жаққа қарай жіберді. Менің мұрным сынды, бет-аузым көгерді, қылғындыру салдарынан кеңірдекте де зақымдар болды, – деді Ілияс Ибрахим.
Екі мұғалім арасындағы төбелестен кейін мектеп директоры оларға дәрігерлік көмек қажет болмағанын айтады. Полиция қазір мектепте тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.