Қоғам

«Болашақ» шахтасындағы аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылды

16:30, 28 мамыр 2025 42

«Болашақ» шахтасындағы аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

27 мамырда «Қазхром Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Дон тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында болған оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев Ақтөбе облысына барды.

Вице-министр кәсіпорын басшылығы мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының төрағалығымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құруды тапсырды. Комиссия аварияның мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады. Сутегі шығарындыларының қайталануына байланысты және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шахтадағы барлық жұмыстарды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар сутегі мен басқа да ілеспе газдарды бөлу мәселесін, олардың жұмыс жүргізу қауіпсіздігіне әсерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу институттарын тарту қажеттілігі атап өтілді.

Вице-министр ауруханада жатқан зардап шеккендер адамдарға барып, тез сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Еске сала кетсек, 26 мамырда шахтада сутегі бөлініп, содан кейін өрт шықты. Оқиға салдарынан үш қызметкер әртүрлі дәрежеде күйік алды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз