Қоғам

«Қоштасу хатын өзі жазбады, дәлел бар»: Шерзаттың әпкесі Нұрқанаттың өліміне қатысты бар шындығын айтты

10:39, 09 шілде 2025 35

Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова бауыры жайлы тың дерек айтты, деп жазады bairaqmedia.kz.

Перизат Нұрымова Нұрқанат қайтыс болар алдында жіберілген қоштасу хатын өзі жазбағанын басып айтты. Тіпті оған дәлел фактілері де бар екен айтты.

«Бір күдік менің өзіме келетін, біз бес ағайындымыз, Төртеуімізге ғана хабарлама келеді. Кішкентай сіңіліме хабарлама келмейді. Неге? Менің күдігім оны білмейтін адам жазды. Қазіргі таңда ғана біздің бес ағайынды екеніміз енді біліп жатыр. Алайда бесінші кім екенін білмейді. Атын атамаймыз, түрін түстемейміз. Ол студент, сондықтан сол үшін өмірде қорқамыз. Бізсіз де достарымен жүретіні бар, басқасы да бар қауіптенеміз. Оны Мейірман аға да біледі. Біздің бес ағайын екенімізді білмейтін адам жазған. Біріншіден бесінші адамның кім екенін білмейтін адам. Білсе де оған да хабарлама жазар еді. Сіңілімнің Шерзаттың арасы екі ақ жас», — деді Нұрымова.

Бұл туралы Шерзаттың әпкесі «Қазақ Айранға» берген сұхбатында айтты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз