Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірқатар қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қазір ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Тергеу Алматы қаласы Қорғаныс істері департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізіліп жатыр.
ІІМ әзірге тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жарияламады.