"Hands Off!" Яғни “Қолыңды тарт!” деп ұрандатқан белсенділер штаттардағы заңды, федералды мекемелердің және конгрессмендердің кеңселерінің алдына жиналды деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Наразылық шарасына 600 мыңға жуық адам жиналған. Ал, негізгі талаптарының ішінде "миллиардерлердің билікті жаулап алуын доғаруды" және Трамп кеңсесіндегі жемқорлықты тоқтату бар. Сондай-ақ, олар денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыруды, иммигранттар мен трансгендерлерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етуде.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, белсенділер 50 штатта 1400-ден аса акция өткізуді жоспарлап отыр екен.