Спикер: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бекманов
eGov жүйесіне 20 жыл толды. Осы 20 жыл ішінде eGov арқылы 508 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 111 миллионнан астамы eGov Mobile арқылы көрсетілген. Бүгінде 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің шамамен 90%-ы онлайн қолжетімді. Сонымен Қазақстанның цифрлық үкіметі қалай дамып жатыр? Жасанды интеллект мемлекеттік қызметтерді қалай өзгертеді? eGov пен e-Otinish: 20 млн тұрғынға не берді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Дәулет Бекмановтан сұрап білдік. Ашық сұхбат құрдық.
Көріңіз, лайк басып, пікір жазыңыз!