Саясат

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы Тоқаевтың кеңесшісі болды

14:20, 08 маусым 2025 22

"Қазпошта" АҚ-ның бұрынғы басшысы Әсел Жанасова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz


Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "ENRC Kazakhstan" өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары — "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары — "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі   

2022 жылғы 3 қазаннан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен "Қазпошта" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз